Қазақстандық спортшылар байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионатының финалына өтті

Польшаның Познань қаласында байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әйелдер арасында каноэде 200 метрлік жұптық жарыста Мария Бровкова мен Ульяна Киселева іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

Отандастарымыз қашықтықты 46.61 секундта жүзіп өтіп, өз тобында үшінші болып мәреге жетті. Осылайша, ақтық сынға жолдама алды.

Айта кетейік, бұл бағдарлама бойынша финал 29 тамызда өтеді.