Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

​Гонконг қаласында өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында ерлер арасындағы командалық турнир жалғасып жатыр,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимовтан құралған Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалда Дания командасымен кездесті.
​Нәтижесінде, отандастарымыз 45:36 есебімен сенімді жеңіске жетіп, бәсекенің жартылай финалына жолдама алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.