Атаулы күнді Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы ерекше атап өтті. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев бастап «Көліксіз бір күн» экологиялық челленджін ұйымдастырды.
Партияның әрбір мүшесі осы күні жеке автокөлігінен бас тартты. Бірі жаяу жүрсе, енді бірі велосипедке, қоғамдық көлік не LRT-ға отырды. Осылайша жасылдар партиясы табиғатты қорғауға аз да болсын үлес қосуға тырысты.
Партия жетекшісі Азаматхан Әміртаев осыдан үш ай бұрын ресми ашылған LRT желісін таңдады. Ол таңнан әріптестерімен бірге осы қоғамдық көлікке отырып, бірнеше станцияны жүріп өтті.
Жолаушылармен тілдесіп, оларға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. «Байтақ» саяси партиясы жайлы ақпарат жазылған парақшалар таратты.
«Байтақ» партиясы – таза ауа, таза су, таза ел қағидатын ұстанады. Біз қоршаған ортаны қорғап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын дәріптеп, елде таза энергетиканы дамытуға жұмыс істейміз. Сондықтан 23 тамыз күні жасылдар партиясына дауыс беріңіздер!» – деп үндеу тастады партия төрағасы жолай кездескен тұрғындарға.
LRT сапарынан кейін Азаматхан Әміртаев Ботаникалық баққа барды. Ол жерде де қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.










