Іс-шараға Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Бейбіт Құсайынов, ҚХП-дан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Алмат Ахметов пен Ақбота Асқарбекова (Аша Матай) қатысты.
Іс-шара ашық мәдени форматта өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарының басын қосты. Саябақ аумағында ішекті квартеттің орындауында әлемдік классикалық шығармалар шырқалып, еркін әрі мазмұнды пікір алмасуға қолайлы атмосфера қалыптастырды. Музыка акцияның басты идеясын – уақыт пен саяси ахуалға қарамастан өзектілігін жоғалтпайтын мәңгілік құндылықтарға адалдықты айшықтайтын символға айналды.
Іс-шара алаңында партияның ақпараттық аймағы ұйымдастырылып, қатысушылар Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Үгіт-насихат тобы қала тұрғындарымен белсенді жұмыс жүргізіп, ашық әрі тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік жасады.
Іс-шараның негізгі сәті Қазақстан Халық партиясынан кандидат Алмат Ахметовтің сөзі болды. Ол өз сөзінде ҚХП-ның басқа саяси күштерден басты ерекшелігіне тоқталып, партияның ескірген идеологиялық ұстанымдарға емес, қоғамның нақты сұраныстары мен өзекті мәселелеріне сүйенетінін атап өтті.
«Қазақстан Халық партиясы – әлеуметтік саясаттағы уақыт сынынан өткен мәңгілік классика. Өткеннің ұрандарымен өмір сүріп, бүгінге дейін «Социалистік Интернационал» секілді ескірген идеологиялық құрылымдарға сүйенетін, бұл туралы үнемі ЖСДП өкілдері айтып жүретін саяси күштерден айырмашылығымыз – біз халықпен нақты шешімдердің тілінде сөйлесеміз. Бүгін адамдарға абстрактілі идеологиялық одақтар емес, лайықты жұмыс орындары, еңбек адамының құқықтарын қорғау, отбасыларға қолдау және ертеңгі күнге деген сенім қажет. Біздің саясатымыз – құр декларация емес, нақты іс. Бұл өткенге қайта оралу әрекеті емес, әділеттілік пен әрбір адамға қамқорлық қағидаттарына сүйене отырып, алға қарай нық қадам басу», – деп атап өтті Алмат Ахметов.
Акцияға 100-ден астам адам қатысып, ол қоғаммен ашық диалог орнатуға бағытталған қоғамдық бастамалар топтамасының бір бөлігіне айналды. Мәдениет пен музыка арқылы ұйымдастырылған формат партияның негізгі құндылықтарын көпшілікке қарапайым әрі әсерлі түрде жеткізуге мүмкіндік беріп, аудиторияның эмоционалдық ықыласын арттырды.
Алматыдағы «Мәңгілік классика» акциясы ең өзекті қоғамдық мәселелердің өзін ашық, заманауи әрі жұртшылықты біріктіретін ортада талқылауға болатынын көрсетті.









