Триатлоннан Қытайдағы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды

Құрлық біріншілігінде спортшылар үш жас санаты бойынша сынға түседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жарысқа қатысушылар «суперспринт» дисциплинасында бақ сынап, ересектер, жасөспірімдер және 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында жүлделерді сарапқа салады.

World Triathlon халықаралық федерациясының мәліметіне сәйкес, Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі төмендегідей:

Ересектер: Арлан Жаңабай, Темірлан Теміров, Дарын Қонысбаев, Егор Крупяков, Александр Тен, Аян Бейсенбаев, Диана Ержанова.

Жасөспірімдер: Гор Депершмидт, Рамазан Әйнегов, Еламан Балабаев, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер, Алуа Нұрмұхамет.

U15: Матвей Павлов, Хайдар Исмаилбаев, Айтуған Күмікбаев, Александр Суховольский, Алтынай Нұрланқызы, Ясмина Бузуртанова.

Азия чемпионаты 13-14 маусым күндері өтеді.