Орнықты даму жолындағы ортақ міндет

Кездесуде тараптар Қазақстан мен ДИАҚБ-ның демократияландыру, адам құ­қықтарын қорғау және заң үстемдігін қамтамасыз ету са­лаларындағы ынтымақтастық перс­пек­ти­ва­ла­рын талқылады. Мәулен Әшімбаев өз сөзін­де Мемлекет басшысы бастамашы болған конс­­­ти­туциялық реформаның іске асырылу барысына на­зар аударды. Сенат Төрағасы жаңа Конс­ти­ту­ция қабылдауға байланысты өткен респуб­ли­калық референдумның қорытындысы қоғам Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді жаңғыртуға ба­ғыт­талған бағдарын бірауыздан қолдайты­нын растағанын атап өтті.

«Реформаның негізгі мақсаты – елдің сая­си жүйесін кешенді түрде жаңғырту. Бұл гео­сая­си турбуленттілік, түрлі үрдіс пен цифрлық трансформация жағдайында тиімді жұмыс істей алатын заманауи әрі орнықты басқару жүйе­сін қалыптастыруды көздейді. Сондықтан жаңа Конституция – қазіргі сын-қатерлерге бе­рілген дер кезінде әрі стратегиялық жауап. Сон­дай-ақ елдің орнықты, серпінді және ұзақ­мерзімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стра­тегиялық қадам», – деп Сенат Төрағасы ел­де­гі әлеуметтік-экономикалық және саяси са­лаларда жүргізіліп жатқан өзгерістерге жан-жақты тоқталды.

Мәулен Әшімбаев ДИАҚБ-ның сарапта­ма­лық қолдауын жоғары бағалап, сайлау жүйе­сін дамыту жолындағы миссиялардың ұсы­ным­дары маңызды екенін айтты. Қазақ­стан­ның тең құқылы серіктестікке және өзара іс-қи­мылды одан әрі нығайтуға бейіл екендігі де сөз болды.

Осыған байланысты Сенат Төрағасы Қа­зақ­станның ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимылын кү­шейту маңызды екенін айтып, ДИАҚБ же­лісі бойынша бірлескен жұмысты жандан­дыру­ға Сенаттың дайын екенін тілге тиек етті. Сон­дай-ақ ол қазіргі геосаяси турбуленттілік жағ­дайында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету­дегі Ұйым мен Хельсинки қорытынды акті­сі­нің стратегиялық мәніне назар аударды.

Өз кезегінде ЕҚЫҰ-ның Демократиялық инс­титуттар және адам құқықтары жөніндегі бю­росының директоры Мария Телалиан Қа­зақ­­станда жүзеге асырылып жатқан рефор­ма­ларға қатысты пікір білдірді.

Тараптар сондай-ақ RES 2026 Өңірлік эко­ло­гиялық саммитінің қорытындыларын тал­қылап, Орталық Азиядағы климаттық күн тәр­тібін іске асыруда парламенттік дип­ло­ма­тия­ның рөліне тоқталды. Әңгімелесушілер Сенат пен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы бір­лесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелдің маңызын атап өтіп, өңірдің орнықты дамуын қам­тамасыз ету жолындағы ортақ міндеттерді ай­қындады.