Елена Рыбакина Штутгарттағы халықаралық турнирде жартылай финалға сенімді өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ширек финалда ол канадалық Лейла Фернандесті (WTA рейтингінде 25-орын) жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Енді финал жолдамасы үшін Рыбакина әлемнің тоғызыншы ракеткасы Мирра Андрееваға қарсы кортқа шығады.

 

Кездесу турнирдің шешуші кезеңдерінің бірі болмақ.