Қазақстанда керамикалық кірпіштер өндірісінің көлемі арта бастады. Өткен жылы 2022 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі жеті есеге ұлғайған (+70,9%). Бұл туралы «QazIndustry» АҚ жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2023 жылы керамикалық кірпіш өндірісінің көлемі үш миллион текше метрді құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 70,9% – ға көп», – делінген хабарламада.
Өнімнің ең үлкен көлемі Қызылорда (29,5% немесе 891 мың текше метр) және Ақмола (22,7% немесе 685,6 мың текше метр) облыстарына, сондай-ақ Астана қаласына (15,9% немесе 480,5 мың текше метр) тиесілі.
Сарапшылардың пікірінше, өндірістің жоғары өсім көрсетуі құрылыс жұмыстарының 19,8% – ға ұлғаюымен байланысты.
Керамикалық кірпіш – көбінесе жаңа ғимараттар құрылысында қолданылатын кірпіш түрі болып табылады.