Еліміздің бес өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендетілді

Қостанайда жеткізу тізбегінен делдалды алып тастау есебінен қарақұмық бағасы 25% – ға (340 теңгеден 260 теңгеге дейін) төмендетілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қаржылық мониторинг агеттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында дәл осындай алгоритм бойынша супермаркеттер желісіндегі қарақұмық бағасы 40% – ға арзандатылды. (3 кг қаптамасы үшін 2374 теңгеден 1450 теңгеге дейін).  

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік азық-түлік жиынтығын жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасынан 15%-дан аспауы керек.