Бокстан ең жеңіл салмақтағы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulyssport.kz сайтына сілтеме жасап.
Енді Назым финалға берілер жолдаманы үшін 2023 жылғы әлем чемпионы, осы салмақтың басты фавориті – Ю Вумен (Қытай) жұдырықтасады.
Айта кетейік, Назым Парижде алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Осыған дейін 2 рет Әлем чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған. Ал Ингрит Лорена – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Осымен үшінші рет Олимпиадаға қатысып тұр.