Қоржынға екі қола түсті

Қазақстан әйелдер құра­масы U19 са­на­тында «жыл­дамдық» бағдарламасындағы эстафеталық сайыста қола жүлдегер атанды. U17 жас са­на­тындағы эстафеталық жа­рыста ерлер құрамасы екін­ші қола жүл­дені ел қор­жы­нына салды.

Қазақстандық спорт­шы­лар құздан сыр­ғанаудың үш түрі бойынша сынға түс­ті. Ере­сектер арасындағы бәсе­ке­де ең жо­­ғары нәтижені «жыл­дамдық» бағдар­ла­ма­сында ширек финалға дейін жетіп, 8-орын алған Алина Львова көрсетті. Ерлер арасында осы санатта Роман Курас­сов 9, Рашид Хайбуллин 10, Әлихан Та­там­бай 11 және Дмитрий Ананьев 14-орын­ға тұрақ­­тады. Ал қыздардан Арина Новицкая 9, Виктория Ильницкая 13, Ралина Абдулова 14-орынды місе тұтты.

U17 жасөспірімдер арасында «жыл­дам­дық» санатында Давид Кононов 12, Ар­сений Тен 15, Вадим Сагинтаев 19-орын алды. Қыздардан Таиссия Носкова 14, Амели Ас­қарова 17, Анастасия Анд­риен­ко 19, Анастасия Выродова 21-орын­д­ы иеленді.