Қазақстанның ерлер құрамасы Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатқан Орталық Азияның ашық чемпионатын жеңіспен бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алғашқы ойында қазақстандық волейболшылар Непал құрамасын 3:2 (25:19, 25:21, 35:34, 19:25, 15:9) есебімен жеңді.
ҚР ҰОК мәлімтінше, ертең, 23 шілдеде Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен кездеседі. Турнир барысында жерлестеріміз сондай-ақ Шри-Ланка, Пәкістан және Бангладеш құрамаларына қарсы ойын өткізеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










