Қазіргі таңда Мысырдың Каир қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жарыс аясында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.
50 метрден мылтықпен жатып ату сайысында Олег Носков топ жарды.
Сондай-ақ 25 метрден тапаншамен атудан Кирилл Цуканов жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 27 сәуірге дейін жалғасады.









