Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрі Фарид Гаибовпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
«Жыл сайын елімізде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату және жекпе-жек сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша халықаралық деңгейден жергілікті деңгейге дейінгі мыңнан астам жарыс өткізіледі. Қазіргі таңда біз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізіп жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе», – деп атап өтті министр.