Софья Самоделкина Канададағы Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Келоуна қаласында (Канада) өтіп жатқан Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз төрешілердің шешімімен 71,84 ұпай еншілеп, әзірге бесінші орында тұр.

Жарыста жапониялық Мао Симада 82,11 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында америкалық Изабо Левито (78,50), ал үздік үштікті эстониялық Нина Петрыкина (77,24) түйіндеді.

Қатысушылар еркін бағдарламаны Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні орындайды.