Мұнайлы ауданының Дәулет ауылында ангар типіндегі заманауи спорт кешені пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов және ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамыту мен жастарды салауатты өмір салтына баулуға ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын. Бүгін ашылып отырған бұл спорт кешені – осы бағыттағы нақты нәтижелердің бірі. Мұндай нысандар ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізіп, спортқа деген қызығушылығын арттырады, жаңа чемпиондардың қалыптасуына жол ашады», – деді аймақ басшысы.








