Алматыда IBA NOMAD Boxing ұйымдарының бастамасымен ұйымдастырылған турнир өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Негізгі кардтың төртінші жекпе-жегінде қазақстандық медиакеңістіктегі көптен күткен кездесулердің бірі өтті. Рингте Мұхит Амантаев пен «Мотиватор» лақап атымен танымал Ануарбек Бекембетов өзара күш сынасты.
Соңғы бір жылда қос спортшы әлеуметтік желілерде бірнеше рет сөзге келіп, бір-бірін жекпе-жекке шақырып жүрген еді.
Тартысты кездесу үшінші раундта аяқталды. Ануарбек Бекембетов қарсыласын нокаутпен құлатып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.









