Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар UFC өкілдерімен келіссөз жүргізетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Спортшы Париж әуежайында менеджері, OCTAGON лигасының басшысы Нұраддин Садықовпен кездескен сәттен видео жариялады.
– Нұреке Парижге келді. Бұйырса, ертең UFC-пен келіссөз жүргіземіз. Бізге сәттілік тілеңіздер, – деді Еркебұлан Тоқтар.
Файтер Парижге UFC Paris турнирі қарсаңында барған.
Бұған дейін Тоқтар UFC-ге ауысуға аса қызығушылық танытпайтынын айтып, промоушен ұсынатын бастапқы келісімшарттардың қаржылық шарттарына қатысты пікір білдірген еді.
Әзірге UFC-пен келісімшарт жасалған жоқ.








