US Open финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакинадан жеңілген Арина Соболенко корттағы әрекеті үшін ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Беларусь теннисшісі финалдық кездесуден кейін корттағы орындықта отырып, ракеткасын сындырып тастаған. Кейін өзін жақыннан түсіріп тұрған операторға дөрекілік көрсеткен.
Yahoo мәліметінше, «Үлкен дулыға» турнирлерінің ережесі бойынша ракетканы сындырғаны үшін спортшыға 50 мың долларға дейін айыппұл салынуы мүмкін. Соболенко бұған дейін де осындай әрекеттерімен көзге түскендіктен, бұл жолы қомақты айыппұл арқалауы ықтимал.
Ал әдепсіз сөздер айтқаны үшін 3 мыңнан 5 мың долларға дейін айыппұл қарастырылған.
Арина Соболенко матчтан кейін өз әрекетіне түсініктеме берді.
– Мен бар ашуым мен ренішімді сыртқа шығарғым келді. «Үлкен дулыға» финалында жеңіліп қалғанда, әсіресе қатарынан үшінші рет жеңіске жетуге тырысқан кезде эмоцияны ұстап тұру өте қиын, – деді ол.









