Дастан Сәтпаев бүгін «Бристоль Ситиге» қарсы ойнауы мүмкін

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» бүгін Англия Чемпионшипінің бесінші турында «Бристоль Ситиді» қабылдайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Төрт турдан кейін «Бернли» 2 ұпай жинап, турнир кестесінде 23-орында тұр. Ал «Бристоль Сити» 7 ұпаймен алтыншы орынға жайғасқан.

Бүгінгі кездесу «Бернли» үшін турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік берсе, қазақстандық жанкүйерлер назары Дастан Сәтпаевтың ойынына ауады.