Астанадағы әлемдік бокс жұлдызы, кәсіпқой бокста абсолютті әлем чемпионы Рой Джонс жас спортшыларға арналған шеберлік дәрісін өткізді, деп хабарлады kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жас спортшылар мен бапкерлер әйгілі боксшыға сұрақтар қойды. Бокстағы тәжірибесін бөліскен Рой Джонс өзінің карьерасында есте қалған сәттері, спорттағы қиындықтар мен жеңістер туралы айтты.
Жиында әлемге танымал даңқты спортшы тек кеңес беріп қоймай, рингте ашық жаттығу да өткізді. Ол қатысушыларға бокстың психологиялық және тактикалық қырларын көрсетті.Айта кетейік, Рой Джонс карьерасын аяқтағаннан кейін де 2020 жылы әйгілі Майк Тайсонмен жұдырықтасып, көрерменге шоу тарту еткен болатын.Сонымен қатар ол киноларға да түсіп, музыкалық шығармаларымен де танымал болды. Кездесу соңында Рой Джонс жас спортшылармен естелік суретке түсіп, автограф берді.









