7-8 қараша күндері Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ерлер мен әйелдер арасында кураш күресінен XV әлем чемпионаты ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлемдік додаға 50-ден астам елден 500-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақстан командасы жарысқа 16 балуанмен қатысады. Ел құрамы 2026 жылғы Қазақстан және Азия чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.








