Алматылық спортшы қыздар әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Тараз қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.Жарыс қорытындысы бойынша алматылық балуандар бірқатар жүлделі орынға ие болды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.