Азиаданың бесінші алтын медалі: Алексей Луценко велоспорттан жекелей есеп сайысында бірінші келді

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Ханчжоуда өткен Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіні сілтеме жасап.

Біздің спортшымыз тас жолдағы велоспорттан 39,7 шақырымға созылған жекелей есеп сайысында озық шықты.

Алексей 39,7 км қашықтықты 48:05.75-те бағындырды. Қытайлық спортшы (50:05.83), Гонконгтан келген велошабандоздың көрсеткіші (50:17.76).

Бұл Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына түскен бесінші алтын медаль. Айта кетейік, Алексей Луценко 2014 және 2018 жылдары да Азиада чемпионы атанған.

«Алексейді жеңісімен құттықтаймын! Ол өзінің шеберлігін ғана емес, қайсарлығын да көрсетті. Бүкіл ел оны қолдады және қазір барлық қазақстандық оны мақтан тұтады», – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.