Елордада әуесқой жүгірушілер дәстүрлі түрде бас қосты, деп хабарлады kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Конституция күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысуға ниетті азаматтардың қарасы әдеттегідей көп болды.
Қатысушылар осы жолы Ырыскелді қажы мешітінен бастап, Кенесары ескертішін айналып, 4 және 7,6 шақырым қашықтықты еңсерді.
Спорттық іс-шарада мәреге жеткен барлық қатысушыға естелік медаль беріліп, лотерея арқылы 10 велосипед ойнатылды.