Алматыда АТР 250 Almaty Open сериясындағы теннис турнирінің ерлер арасындағы жұптық сын жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, оған мегаполис басшысы Ерболат Досаев қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнир Қазақстан теннис федерациясының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Оған әлемдік рейтингтің үздік отыздығына кіретін теннисшілер бақ сынасты.Алматы әкімі Ерболат Досаев Үндістаннан келген Арджуна Кадхе мен Ритвика Боллипаллидің ерлер арасындағы жұптық санаттағы жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты. Ақтық сайыста олар колумбиялық Николас Баррьентос пен тунистік Скандер Мансуриден басым түсті. Айта кетейік, қала әкімдігі турнир кезінде жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін Almaty Arena спорт кешеніне дейін және кері бағытта тегін автобустар ұйымдастырды.ATP 250 Almaty Open турнирінің жүлде қоры 1 миллион доллардан асады.