Әлемдік аренадан бастап, ел ішіндегі чемпионаттарға дейінгі додалар жанкүйерлер назарында болмақ, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Бокстан әйелдер арасындағы World Boxing Cup
World Boxing Cup турнирінде Қазақстан құрамасынан 6 спортшы бақ сынайды.
Фос-ду-Игуасу, Бразилия
20–26 сәуір
Су добынан әлем кубогы
Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейдегі қарсыластармен кездеседі.
Гзира, Мальта
21–26 сәуір
Байдарка және каноэ есуден Азия чемпионаты
Құрлықтың үздік спортшылары жиналатын додада ел намысын қорғау — үлкен жауапкершілік.
Хэфэй, Қытай
24–26 сәуір
Велотректен әлем кубогы кезеңі
Жылдамдық пен төзімділікті талап ететін жарыста қазақстандық велошабандоздар да өнер көрсетеді.
Нилай, Малайзия
24–26 сәуір
Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты
Ұлттық зияткерлік спорт түрінде 200-ге жуық спортшы бақ сынайды.
Щучинск, Қазақстан
20–27 сәуір
Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты
2006–2008 жылы туған 300-ге жуық жас балуан күш сынасады.
Семей, Қазақстан
21–24 сәуір
Karate1 Series A халықаралық турнирі
Karate1 Series A додасында Қазақстаннан 25 спортшы қатысады.
Ла-Корунья, Испания
24–26 сәуір
Бұл жарыстар — отандық спорттың дамуы мен халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсететін маңызды кезең.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.









