Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Әбиба Әбужақынова дзюдошылардың әлемдік рейтингінің үздік бестігіне енді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
48 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылардың рейтингі Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында жарияланды. Әлемдік рейтингті моңғолиялық дзюдошы Баасанху Бавуудорж бастап тұр. Біздің Әбиба төртінші орыннан көрінді. Ал, үздік бестікті франциялық Ширин Букли аяқтап тұр.
22 тамызда Әбиба Әбужақынова “Jenys” дзюдо спорт клубы сыйға тартқан көліктің фотосуреттерімен бөлісті.