Әбиба Әбужақынова дзюдодан Гран-При жарысында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Линц қаласында (Аустрия) өткен Гран-при санатындағы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.

Әбиба финалда жапониялық Сачие Ешинодан басым түсіп, 10-1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, ол финалға дейінгі кезеңдерде Мизука Хараданы (Жапония), Жаклин Шпрингерді (Аустрия) және Эмбер Герсджесті (Нидерланд) жеңді.