Қазақстандық үстел теннисшілер ерлер арасындағы жұптық сында күміс медаль жеңіп алды.
Турнир барысында Герасименко мен Харки Франция өкілдері Эстебан Дорр мен Флориан Буррассоны 3:2, Өзбекстан спортшылары Шохрух Искандаров пен Кутбидилло Тешабоевты 3:0, сондай-ақ Ресей құрамасының өкілдері Денис Ивонин мен Никита Артёменконы 3:1 есебімен жеңді.
Финалда қазақстандық жұп Ресей спортшылары Максим Гребнев пен Лев Кацманға 0:3 есебімен есе жіберді.










