Қытайдағы халықаралық турнирде қазақстандық полицей жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ату сайысында полицей-спортшы жылдамдық пен дәлдік көрсеткіштері бойынша бірінші орынды иеленді. Ал кедергілерден өту және еркін күрес жарыстарында күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, Қанағат Ыдырышев – еркін күрестен спорт шебері, сондай-ақ қолма-қол ұрыс, жауынгерлік самбо және қазақша күрестен спорт шеберлігіне кандидат. Спортшы-полицейлердің табыстары құқық қорғау органдарының беделін арттырып, қоғамда абыройын нығайта түсуде.