Қазақстан құрамасындағы полицейлер қоян- қолтық ұрыстан әлем чемпионатының жүлдегерлері атанды

16-18 маусым аралығында Қазақстанның астанасы Астана қаласында жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті, депхабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Халықаралық жарыстарға 32 елдің атынан қатысқан 360-тан астам спортшы болды.Қазақстан құрама командасына Ақмола облысы Полиция департаментінің қызметкері, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, полиция майоры Ардақ Мадимухаметов кірді.90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде полиция қызметкері 4 жекпе-жек өткізіп,  полиция майоры Ардақ Мадимухаметов «қарумен өзін-өзі қорғау» бөлімінде жүлделі үшінші орынға ие болды.

Қызылорда облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция аға лейтенанты Ғайни Нұрмахан қатысып 3 орын алды.