Қазақстан қоржынына Азиаданың алғашқы алтыны түсті

Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің туын желбіреткен команда 350 ұпай жинады. Күміс және қола жүлде –  Қытай (348 ұпай) мен Тайланд (342 ұпай) спортшыларының еншісінде.

Бұл – Қазақстан қоржынына түскен 10-шы медаль: бұған дейін ел спортшылары екі күміс және жеті қола медаль жеңіп алынған болатын.