Әлемнің 57-ракеткасы Александр Шевченко Роттердамда өтіп жатқан ATP 500 турниріндегі екінші кездесуінде Дания өкілі Холгер Рунеден басым түсті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу 6:4, 1:6, 6:3 есебімен аяқталды. 1 сағат 37 минутта Александр алты рет эйс жасап, үш брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды.
Шевченко ширек финалда әлемнің 13-ракеткасы, болгариялық теннисші Григор Димитровке қарсы ойнайды.