Қазақстандық спортшы Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден тарихи жетістікке жетті

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Данил Васильев жазғы Гран-при жарыстарының жалпы есебінде үшінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Серияның соңғы кезеңі Германияның Клингенталь қаласында өтті. Маусым қорытындысы бойынша отандасымыз 201 ұпай жинап, үздік үш спортшының қатарына енді.

Жалпы есепте 450 ұпай жинаған жапониялық Наоки Накамура жеңімпаз атанды. Екінші орынды 216 ұпаймен австриялық Даниэль Чофениг иеленді. Ал швейцариялық Грегор Дешванден 196 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.

Осылайша Данил Васильев жазғы Гран-при жарыстарының жалпы есебінде үшінші орын алып, шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан тарихындағы айтулы жетістіктердің біріне қол жеткізді.