Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасының екінші айналымында ұтылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы өзбекстандық балуан, 2022 жылғы әлем чемпионы Мұзафарбек Тұробаевтен жеңілді.
Кездесу 1:1 есебімен өрбіген, алайда, белдесу соңына қарай Шархан қарсыластан таза ұтылды.
Осылайша, қазақстандық дзюдошылар жекелей сында Париж Олимпиадасын аяқтады. Енді олар аралас командалық сында өнер көрсетеді.