Қазақстандық волейболшы қыздар Азия ойындарында камбэк жасады

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы классикалық волейболдан топтық кезең бәсекесі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан командасы топтық кезеңнің алғашқы ойынында Филиппин құрамасымен кездесіп, 3:1 (27:29, 26:24, 25:23, 25:19) есебімен жеңіске жетті.
Отандастарымыз енді ертең Қытай құрамасымен жолығады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.