Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатында Юлия Ли Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жастар санатында сынға түскен спортшы XCO дисциплинасында қола медаль жеңіп алды. Юлия Ли жарыс жолын 1:24:10 уақытта аяқтап, үздік үштікке енді.
ҚР ҰОК мәліметінше, алтын медальді қытайлық Ван Тин жеңіп алды. Күміс жүлдеге оның отандасы Гун Сыин ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Юлия Ли Азия чемпионатында XCC дисциплинасында да қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.









