«Чемпиондық рух»: Астанада өткен жүгіру іс-шарасына жүздеген адам қатысты

Астанадағы Ырыскелді қажы мешіті жанында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қала тұрғындары арасында жүгіру іс-шарасы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданында көпшілікке мәлім жүгіру маршрутында қатысушылар 4 және 7,6 шақырым қашықтықты еңсерді.

Спорттық іс-шарада мәреге жеткен барлық қатысушыға арнайы естелік медаль беріліп, лотерея арқылы түрлі сыйлықтар ойнатылды.Айта кетейік, жүгіру кезінде көліктерге ешқандай шектеу қойылмай, қала тұрғындары мегаполистің көрікті жері саналатын Есіл өзенінің бойын жағалап өтті.