Футзалдан Қазақстан командасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Футзалдан Қазақстан командасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалға  жолдама беретін матчта қазақстандықтар қазіргі әлем чемпионы Португалияға қарсы ойнады.

Ойында алғаш болып Шыңғыс Есенаманов есеп  ашса, қарсыластар Зикидің көмегімен теңестірді.

Ал екінші кезеңнің ең соңғы сәттерінің бірінде Дәурен Тұрсағұлов біздің команданы алға шығарып, Қазақстан 2:1  есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Қазақстан командасы әлем чемпионатының ширек финалына өтті.