Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақта футболды дамыту, жаңа жоспар әзірлеп, ел ішінен талантты жастарды іріктеуді тапсырған болатын. Осыған орай өңірде әуесқой командалар арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айрықша турнир екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде ауыл округтерінің командалары өзара бақ сынайды. Бұл кезеңге облыс бойынша 186 команда құрамында 3300-ге жуық футболшы қатысып жатыр. Ал екінші кезеңде облыстың 3 қаласы мен 14 ауданының құрама командалары төрт топқа бөлініп, жарысты жалғастырады. Қазіргі таңда «А» тобының іріктеу кездесулері Жетісай ауданындағы стадионда өтуде.