Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ол ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде биыл Е.Рыбакина жеңді.
Екі сағат 19 минутқа созылған ойында Рыбакина 10 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты мүлт жібермеді. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.