Отандық спортшылар Париждегі Олимпиадада бақ сынамақ

Қазақстан 2024 жылғы Париж Олимпиадасына ресми түрде шақырту алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ресми құжатты Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне жолдады, – делінген мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасында. 

Айта кетейік, XXXIII жазғы Олимпиада 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында Франция астанасы – Париж қаласында өтеді.