Көркем гимнастикадан Астана қаласының ашық чемпионаты аяқталды. Оған Астана, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал өңірлерінен 200-ге жуық гимнасшы қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының спортшылары биыл да жоғары деңгейдегі нәтижелерімен ерекшеленді. Олар чемпионатты 6 алтын, 6 күміс және 6 қола медальмен аяқтап, жарыстың жалпы қорытындысы бойынша үздік үштіктің барлық сатысын иеленді. Жарыс барысында спортшылар жеке және топтық бағдарламаларда өнер көрсетіп, күрделі элементтерді орындауда жоғары координация, икемділік және техника жағынан ерекше дайындықтарын байқатты.










