Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті күміс медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спорттық жүрістен жартылай марафонда отандасымыз Кристина Морозова мәреге екінші болып келді. Оның уақыт көрсеткіші 1:35:25 секунд. Мұнда бас жүлде Қытай спортшысына бұйырды.
Айта кетейік, бүгін бұл бағдарламада ел намысын тағы бір отандасымыз Эльмира Калимуллина да қорғады. Ол жарысты 6-сатыда аяқтады.
Бұл Аичи-Нагоя ойындарында Қазақстан қоржынына түскен 2-күміс медаль екенін айта кетейік.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.









