Жаңа жылдағы ірі спорттық жарыстар шымылдығын IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы түріп береді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвондо қаласында (Оңтүстік Корея) өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан спортшылары да қатысады. Қазіргі уақытта ел құрамасында 5 спорт түрі (10 дисциплина) бойынша 30 лицензия бар (42 спортшы). Биылғы жылдың басты оқиғасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындары деп атауға болады. Бұл дода 26 шілде мен 11 тамыз аралығында әлемнің 205 елінен келген 10 мыңнан астам спортшының қатысуымен өтеді. Төрт жылдықтың жарысында спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түріне қатысуды жоспарлап отыр.