Елордада қариялар арасында скандинавиялық серуеннің танымалдығы артып келеді

Астанада скандинавиялық серуенмен айналысу үшін Есіл және Нұра аудандарына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері күн сайын Ботаникалық саябаққа жиналып, таза ауада серуен құрады. Скандинавиялық серуеннен шеберлік сабақтарын спорт саласында 45 жылдан астам уақыт қызмет еткен ардагер-спортшы Туғанай Бейсембаева жүргізеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде білікті маманның жаттығу сабақтарына 152 зейнеткер қатысады, олардың арасында ең жасы үлкені – 86 жастағы Сабыржан ақсақал.

Бүгінде скандинавиялық серуен секциялары барлық аудандық филиалдарда бар.