Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің ширек финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабер төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 9-орында тұрған чехиялық Петра Квитованы оңай жеңді.
Бірінші партияда тунистік спортшы қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0. Екінші сет те оның басымдылығымен өтті – 6:3.
Осылайша, ширек финалда О.Жабер мен Е.Рыбакина кездесетін болды.
Өткен жылы Уимблдонда соңғы бәсекеде Елена Рыбакина Онс Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен қапы қалдырып, чемпион атанған еді.
Қазақстандық және тунистік спортшы осыған дейін өзара төрт мәрте ойнаған. Есеп тең – 2:2.
Е.Рыбакина – О.Жабер матчы 12 шілде күні орталық кортта өтетін болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің АҚШ-тағы жарыстың финалында есе жібергенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакинаның Уимблдонның алдағы ойындарындағы мүмкіндігіне болжам жасалды.
Елена Рыбакина және Анна Данилина Уимблдонның ширек финалына жолдама алды.