Елена Рыбакина жүлде қоры бір миллион доллар болатын турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы Ningbo Open турнирінің финалына шықты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі әлемдік рейтингінде 9-нөмірлі Елена италиялық Жасмин Паолиниді (рейтингте 8-орын) жеңді.

Ойын екі сетте Еленаның пайдасына 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Қытайдағы Ningbo Open турнирінің жүлде қоры – 1 064 510 доллар. Турнир жеңімпазы 164 мың доллар алады.

Турнирдің алғашқы ойынында Қазақстанның үздік теннисшісі тартысты ойында украиналық Даяна Ястремскаяны жеңген еді.