Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабидегі WTA 500 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол турнирдің ширек финалында әлемнің 74-ракеткасы, испаниялық теннисші Кристина Бучамен шеберлік байқасты.
Елена Рыбакина қарсыласын 6:1, 6:4 есебімен қапы қалдырды.
Ол матч кезінде жеті эйс пен үш қос қателік жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Ал қарсыласы Буча екі эйс пен үш қос қателік жасап, бір прейк-пойнтты пайдаланды.
Елена Рыбакина енді осы турнирдің финалына шығу үшін ресейлік теннисші, әлемннің 15-ракеткасы Людмила Самсоновамен матч өткізуі керек.